Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
23 маусым күні - мемлекеттік қызметшілер күні. Осы атаулы күнмен Саран қаласының әкімі Еркін Баулыков мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, еселі еңбектері мен қаланың гүлденуіне, өркендеуіне қосқан үлестеріне алғысын білдірді.
Салтанатты марапаттау шарасында Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсібінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Татьяна Кулагина өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Саран қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Галина Аманбекова мен персоналды басқару қызметінің бас инспекторы Марина Чагочкинаға Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының Алғыс хаты Саран қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Туртбаеваға берілді.
Қала әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы Динара Шакеткеноваға, ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының мониторингі бөлімінің бас маманы Ольга Ануарбековаға, қала әкімі аппаратының бас инспекторы, бас бухгалтері Виктория Штайнмец пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айдын Мұқтарға Саран қаласы әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА