27 маусым күні қала әкімі Еркін Баулыковтың төрағалығымен Саран қаласы әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Ақтас кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысы туралы және объектілер салу, жолдарды жөндеу, тұрғын үй бөлу жөніндегі жұмыстарды орындау кезіндегі жасалатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.
Ақтас кенті әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар тұрақты негізде іске асырылуда. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
Сондай-ақ, әкім аппараты ғимаратының бірінші қабатындағы фойесінде жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін жинауға арналған жәшіктер орнатылған. Әр айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына қатысты ақпарат беріледі.
Отырыста келесі болып көтерілген мәселелер жол мен құрылыстың сапасына қатысты болды. Қалалық құрылыс бөлімінде құрылыс объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу процесі оның барлық кезеңдерінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеу жолымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, биыл Саран қаласында «Күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы шеңберінде Набережная, Свердлова және Казахская көшелеріндегі автомобиль жолдарын орташа жөндеу, жол бөлігін асфальттау және көше жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Көпті мазалап жүрген жылыту жүйесі де назардан тыс қалмады. Бұл бағытта да жұмыс қарқыны жоғары.
Отырыста көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі Еркін Баулыков тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА