Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.Ұлттың сақталуына да ,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі»

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл - ашылмаған сыр. «Ақылды адамға тілі қару, ақылсыз адамға ауру» деген қазақ халқымыз. Өскелең ұрпаққа мұра болған тіліміздің даналығы орасан зор. Әр сөзінде шешендігін жоғалтпаған тіліміз әлі талай ғасыр асқақтап тұратыны сөзсіз.

Тіл құндылығы – ерекше. Тіл өшпес қазына, орасан зор байлық. Тіл қасиеті жоғары, тұғыры берік. Айта берсек, шынында тіл ұлт өмірінің жаңғыруы  мен ізі. Ендеше сол тілді жаңғыртатын да, мәртебесін көтеретін де сіз бен біз екені сөзсіз.

Қазіргі таңда ана тіліміз жайында көз майын тауысып, жанарын жасытып қалам шертіп жүргендер асып таусылады. Себебі бүгінгі таңда мемлекеттік тіл - елімізде аса өзекті де маңызды мәселе болып табылады. Тіл – тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа адамның түп – тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді танып – білу мен құрметтеу – бейбітшілік сақтаудың кілті. Өз ана тіліміздің мәртебесі биік, мерейі үстем болуы үшін бір адамдай жұмылып,өз байлығымызды асқақтатуға күш салуымыз керек. Біздің асыл мұрамыз,баға жетпес жауһар құндылығымыз – ол ана тіліміз!

Ә. Альпейсов,

Саран қаласы әкімдігінің

«Саран қаласының тілдерді

дамыту орталығы» КММ маманы