Бүгін: 08.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

11 шілде күні Саран қаласының прокуратурасында кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін ашық есік күні өтті.

Қала прокуроры  Жанқозы Нақышев пен қала әкімінің орынбасары Мақсат Қайрешов кәсіпкерлерді қабылдап, мәселелерін тыңдады. 

Кездесуде алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтық мәселесі көтерілді. Осы тұрғыда қала әкімінің орынбасары Мақсат Қайрешов «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өтті. Бұл жоба халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруді көздейді. Сонымен қатар, алаяқтардан сақтану жолдарымен бөлісіп, сақтық шараларын түсіндіреді.  «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өтіп жатқан курс Саран қаласында шілденің аяғына дейін жүргізілмек.  Кейін қазан мен желтоқсан айында өткізу жоспарлануда.

Одан бөлек, қала прокуроры Жанқозы Нақышев кәсіпкерлер мен инвесторларға туындап жатқан мәселелері бар болса, прокуратураға жүгініп, жеке қабылдауына келе алатынын жеткізді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА