Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді Кеншілер күнімен құттықтаймыз!

Саран қаласының тұрғындары үшін бұл орны бөлек сүйікті мерекелердің бірі, өйткені биыл 70 жасқа толатын туған қаланың қалыптасуы тікелей көмір өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты.

Бұл күні біз осы ерлікпен пара-пар кәсіптің өкілдерін салтанатты түрде құрметтейміз.

Кенші еңбегі – елдің тірегі. Бұл батыл, сенімді, рухы мықты, ең қиын жағдайда жұмыс істей алатын, кейде өз өмірін қатерге тігетін адамдардың саналы таңдауы.

«Саранская» және Т. Күзембаев атындағы шахталардың еңбек ұжымдары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосуда.

Туған өлке тарихында кеншілер әулеттерімен қатар «Шахтер даңқы» дәрежелерінің иегерлері, көмір өнеркәсібі саласындағы еңбек белгілерінің иелері лайықты орын алады.

Сіздер, құрметті кеншілер, Саранның байлығы мен мақтанышысыздар! Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте жаңа жетістіктер, амандық пен ашық аспан тілейміз!