Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

04 қыркүйек   күні Саран қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері арасында   қалалық Тілдерді дамыту орталығының    қызметкерлерінің  қатысуымен  Тілдер мерекесіне арналған  «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»  атты  байқау  ұйымдастырылды.  Байқауға полиция қызметкерлерінен құралған екі топ қатысып, өзара бақ сынасты. Екі топқа мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, тарихына, әдебиетіне, Ұлы тұлғаларына  байланысты  сұрақтар қойылды, мемлекеттік тілде іс – қағаздар жүргізу бойынша да білімдері  тексерілді. Жеңімпаз атанған топ арнайы естелік  сыйлықтармен  марапатталды. Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері   Динара Тәрбиеқызы мен Альбина Оспанқызына Саран қаласының полиция бөлімінің  бастығы  Асылбек Қасқырбайұлы Сейтжановтың алғыс хаттары табысталды. Мерекелік іс – шара тартымды және көңілді өтті. Осындай іс – шаралар алдағы уақытта да жалғастырылады.

Ж. Джумашева,

Саран қаласының полиция бөлімі