Бүгін: 30.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағанды облысында 6 қазан жексенбіде, атом электр станциясын салу бойынша референдум өтетін күні қала маңындағы маршруттардағы барлық жолаушылар үшін жол жүру тегін болады. Бұл адамдардың сайлау учаскелеріне жетуін жеңілдету үшін жасалып отырған қадам, деп хабарлады Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

№ 146 "Қарағанды-Абай", №107 "Қарағанды-Теміртау", №122 "Қарағанды-Топар", №121 "Қарағанды-Шахтинск", №165 "Қарағанды-Саран", №127 "Қарағанды-Шахан", №100 "Қарағанды-Теміртау".

Автобустардың қозғалысы демалыс күнінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.