Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
Ағымдағы жылы Департамент қызметкерлерімен 10-нан астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Соның ішінде, Департаментке Қарағанды қаласының тұрғыны Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен ұсынылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартумен келіспейтіні туралы және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді сұрап шағым білдірді.
Өз кезегінде Департамент шағымды объективті және жан-жақты қарау үшін маңызы бар құжаттарға құқықтық талдау жүргізді.
Шағымды қарау қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің атына Департамент қызмет алушының мүлкі техникалық параметрлерге сәйкестігі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге жолдау арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс - хат жолдады.
Осылайша, Департаменттің көмегімен қызмет алушының жылжымайтын мүлікіне құқықтары тіркеліп, бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірді.
Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде ерекше бақылауда.
ҚАЙРАТ МҰРАТҰЛЫ
ТЕМИРЖАНОВ,
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызметтер көрсету
басқармасының бас маманы