Бүгін: 21.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында 25 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» халықаралық акциясы аясында  «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы өтеді.

Акцияның мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау. Саран қаласында осы бағытта жыл сайын тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп тұрады. Қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері адам көп шоғырланатын жерлерде үнпарақтар таратып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарды ұйымдастырады.

-              Былтыр біз акция аясында Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі білім беру ұйымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, лекциялар өткіздік. Тәжірибе алмасу үшін ІІО ардагерлерімен кездесудер де болды. Биылғы жылға да жоспарға сәйкес өзге де шаралар жүргізілетін болады, - деді  Саран қаласының ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция капитаны Алия Абдыкалыкова.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА