Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.
Осы тұрғыда Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде іс-шаралар жоспары құрылған және оны орындау мақсатында келесі іс-шаралар атқарылып жатыр:
- Басқарма қызметкері «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдастырып өткізетін мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту курстарына тұрақты түрде қатысады;
- Басқармада ішкі құжаттар және шығыс ақпараттар мемлекеттік және қажет жағдайда ресми тілде редакцияланады;
- 2024 жылғы 9 айдағы мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттамасының көрсеткіші 95%-ды, шығыс құжаттамасының көрсеткіші 100% - ды құрады;
- Басқарма мамандарымен құқықты жалпыға оқыту жоспары шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңын зерделеу бойынша семинарлар өткізіліп тұрады;
- Басқарманың кеңсесінде ақпараттық стендтер, барлық көрнекі ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының талаптарына сәйкес ресімделген;
- Сонымен қатар Басқарма мамандары «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады;
- Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу барысында мемлекеттік тілді дамыту мәселелерімен айналысатын маман консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді.
Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін, құзыретін, маңыздылығын нығайту мақсатында жұмысымыз одан әрі жалғасын табатын болады.
Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтардың тілі. Тіл мәртебесі – ел мерейі!
Сондықтан әр азамат тіліміздің тұғырын биіктету үшін өз үлесін қосуы керек екендігін ұмытпауы тиіс!
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» РММ