22 қарашада қалалық мәдениет үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық - ағарту пулының мүшесі, саясаттанушы Серік Мустафин, «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ бас инспектор-заңгері Светлана Теплякованың және ҮЕҰ мүшелерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – ХХІ ғасырдың індеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу мақсатында өткізілген іс-шарада жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбының өзектілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементі ретінде халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілді. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық - ағарту пулының мүшесі, саясаттанушы Серік Мустафин өзінің дайындаған баяндамасында тоқталып, жете түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті екендігі де айтылды.
Ал «Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ бас инспектор-заңгері Светлана Теплякова болса, жалпы қала бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Әрі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күрестің негізгі тұстарын атап өтті.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА