Бүгін: 21.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қ2024 жылдың  қараша айының 27 жұлдызында   Ақтас кенті мәдени-сауық орталығында КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Социалистік еңбекері, аты аңызға айналған әнші Бибігүл  Ахметқызы Төлегенованың  95 жас   мейтойына арналған «Қазақтың бұлбұлы» атты әдеби-музыкалық концерттік  бағдарлама өтті.

Концерттік бағдарламаға Ақтас әкімдігі  мен жоғары сынып оқушылары  және  этномәдени қоғамдық бірлестіктер, әскери бөлімдер шақырылды. Концерттік бағдарламаның  мақсаты  - жастарды Бибігул Төлегенованың өмірі және  шығармашылығымен таныстыру. Әдеби-музыкалық   бағдарламаға  Бибігул Ахметқызының шырқаған әндерін Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 4 курс студенті Айрапетян Каринэ  “Көктем туралы ән”, “Гәкку”арияларын жоғары колоратуралық сопраномен  орындаса,  Ахметова Манат әдемі  сандуғаш дауысымен  “Ах, Самара - городок” әнін шырқап,  «Әдемі» бөбекжайының музыка жетекшісі Самарық Данагул  академиялық дауысымен “Мама” әнімен өнер сүйер қауымға қуаныш сыйлады. №2 отбасылық кітапхана Бибігул Ахметқызының бейнежазбасы мен жарыққа шыққан альбомын ұсынды. Мың бұрала билеген «Томирис» бишілер ансамблі,  ұлттық аспапта сүйемелдеген  «Шамшырақ» ұлттық аспаптар ансамблінің  “Қамажай”  биі  қазақтың ұлттық биімен, «Үкілі домбыра» үйірмесінің домбырашылары Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», «Адай» күйлерімен бағдарламамыздың сәнін келтіріп, көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.

С. Супьянова,

«Ақ шаңырақ-2012»

қазақ халқының салт-дәстүрі

 мен әдет-ғұрыптарын жаңғырту жөніндегі қоғамдық этномәдени

бірлестіктің жетекшісі