Бүгін: 21.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҚЕлімізде осы аптадан бастап «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы бастау алды. Саран қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері де акция аясында семинар мен дәрістер ұйымдастыруда.

25 қараша күні «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Саран қаласының полиция қызметкерлері  Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында болып, сонда  семинар-кеңес ұйымдастырды.

Шара барысында мәдени қызметкерлерге отбасы құндылықтарының сақталуының мән-маңыздылығы, әрі жанұя мәдениетіне ерекше зер салынды. Әйел адамның құқықтары мен ана мен баланы қорғауға қатысты  мағлұматтар айтыла отырып, қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға жауаптар қайтарылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері буклеттер, жадынамалар мен күнтізбелер таратты.

Ал 26 қарашада Саран қаласының ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-мен бірге аға лейтенат Ж.В. Хан №2 жалпы білім беретін мектепте дәріс өткізіп, онда да «111» сенім қызметінің нөмірі бар буклеттер, жадынамалар мен  күнтізбелер берілді.  Сол күні Саран қаласының ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-мен полиция лейтенанты Ж.Б. Жаркеновтің қатысуымен №7 мектеп-интернатында да дәріс өтті. Онда кез келген жеке тұлға үшін сенім мен қолдау көрсетуші отбасы  екендігі айтылып, береке мен бірліктің, татулықтың ұйытқысына айналуына әр отбасы мүшесі бір адамдай атсалысу керектігі қозғалды. Себебі, өкінішке орай, кейде кішкентай жанжалдан үлкен мәселелер туындап жатады. Сондықтан полиция қызметкерлері отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында тұрақты негізде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. 

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы 10  желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Осы уақыт аралығына дейін полицийлер белсенді түрде тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізбек.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА