Тіл бүгінгі таңда көп адам атүсті түсінетіндей тек сөйлеу құралы емес, ол бұл категориядан шығып ұлттың саяси құралына айналды. Тілдің күші қарудың күшінен де күшті. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген халықтың қазіргі таңда ол шеңберден асып түсіп, ұлттың ертеңгі болашағын қалыптастыратын үлкен саяси – әлеуметтік мәнге ие болып отыр. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Мұны бірінен-бірін бөліп қарауға болмайтыны хақ. Туған тіл – қадірін дейміз.
Түлеп жатқан мың тілді мынау дүниеде кім өз тілінің, өз даусының жоғалып кеткенін қалайды дейсіз. Егер күндердің күнінде сол ұлы дабырдан бір елдің үні ғайып болса, ол тек сол елдің қайғысы емес, адамзат гармониясының бұзылуы, әу баста тұтас болып жаралған табиғат үйлесімділігінің ажырауы. Шерхан Мұртаза ағамыз: «Қазақ тілінің ұлылығы сонда, бұл тілде кейбір қазақтардың өзі сөйлей алмайды», - деген болатын. Біз Қазақстан көп ұлтты, ұлысты елміз. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі міндет деп білеміз.
«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп – өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі!
Мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктету – әрбір мемлекеттік қызметкердің азаматтық парызы. Тіл жоғалса, ұлт та, ел де жоғалатыны белгілі. Сондықтан да егеменді елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас керек.
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлт тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді» – деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, мәртебесін биіктету – әрбір мемлекет, сол мемлекеттік азаматтары үшін, басты мақсат. Сондықтан, мемлекетіміздің болашағы үшін біздер де жауаптымыз.
Ж. Джумашева,
Саран қаласының ПБ