Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын және заңның үстемдігін белгілеу және осы құқықтық мемлекетті құру үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлықты жою қажет екенін» атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді. Бұл экономикалық дамуды төмендетеді, демократиялық институттар мен заң үстемдігін әлсіретеді, қоғамдық тәртіпті бұзып, халықтың сенімінен шығады, сондай-ақ, осындай ұйымдасқан қылмыс пен лаңкестік адамның қауіпсіздігіне қатер төндіруіне мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлық елдегі байлықтың азаюына және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы біздің басымдықтарымыз: оның көріністерінің алдын алу және қоғамдық тұрақтылыққа аса қауіп төндіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу.
Осы орайда Басқарма басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген және осы жоспардың орындау бойынша іс-шаралар іске асырып жатыр.
Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер, инфографикалар жарияланып тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормаларын сақтау бойынша құқықтық жаппай оқыту шеңберінде тұрақты негізде семинарлар өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы тікелей байланыс қамтамасыз етілген.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
2024 жылғы 22 тамызда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының базасында «Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ қызметінде 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы қоғамдық талқылау өтті. Жария талқылауға: «AMANAT» партиясының Саран қалалық филиалының, Қарағанды облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Саран қаласындағы филиалының, Қоғамдық кеңестің мүшелері, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қалалық бөлімшесінің, «Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Саран газеті» газетінің жергілікті БАҚ өкілдері және Басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Ғимараттың кіре берісінде, бейнебақылаумен жабдықталмаған және басшылық пен мамандар көрінуді болдырмайтын жерде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған жәшік орнатылған. Бұйрықпен «сенім телефонына» және «шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» келіп түскен жеке және заңды тұлғалардан өтініштерді қабылдауға жауапты қызметкер тағайындалған.
Сонымен қатар, Басқарма басшысының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау күндері, апта сайын дүйсенбі және жұма күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін белгіленген. Басқарма басшысының орынбасарының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күндері сәрсенбі күні сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ