Көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.
Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Құрметті қызмет алушы, егер сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса, Департаментке келесі мекенжай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмірлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 (кеңсе нөмірі).
С. Амангельдинова,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды
облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
басқармасының бас маманы