Бүгін: 14.03.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Алдымызда келе жатқан мерекелер қарсаңында балаларға арналған тәтті сыйлықтар үлкен сұранысқа ие, олардың ассортименті дүкен сөрелерінде өте көп. Арнайы зерттеулер жүргізбестен, сатып алушыға қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау қиынға соғады, осыған байланысты  сіздерден, тәтті сыйлықтарды таңдағанда келесідей негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

- сыйлықтың қаптамасын мұқият қарап шығыңыз, ол тұтас және ашық болмауы тиіс, жарамдылық мерзімі, құрамдас бұйымдардың тізбесі, құрамына кіретін ингредиенттер, кондитерлік бұйымдар дайындаушысы, тағамдық құндылығы, сақтау шарттары туралы ақпаратпен таңбалануы, сондай-ақ өнімнің нарықтағы айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС) болуы тиіс;

- баланың жасына, сондай-ақ өнімнің пайдалы болуына байланысты тәттілерді таңдау керек. Мармелад, желе кәмпиттері, пастила, зефир, жаңғақтар, кептірілген жемістер сияқты кондитерлік өнімдерді таңдауды ұсынамыз.

- кондитерлік өнімдердің құрамында тағамдық қоспалар, консерванттар, гомогендірілген майлар, оның ішінде пальма майы өте аз жиынтықтарды таңдау керек,

- егер сыйлықтың ішінде кондитерлік өнімдермен бірге ойыншық болса, онда ол туралы ақпарат қаптамада жазылуы керек.

Ойыншықтарды таңдағанда келесі ережелерді сақтауды ұсынамыз.

Қазіргі уақытта сауда орындарында ойыншықтардың өте үлкен ассортименті бар.

Ойыншықтарды сатып алу барысында неге назар аудару қажет?

Ең бастысы, ойыншық қауіпсіз, тығыз, қауіпсіз материалдан жасалған, ұсақ бөлшектері болмауы керек және оны жууға болатын материалдан жасалуы қажет.

Сатып алу кезінде өндірушіге, қаптамаға, ойыншық шығаратын дыбыстарға назар аударыңыз, олар дыбыстар нәрестені қорқытпауы тиіс.

Бүгінгі таңда Қазақстанда балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын талаптар айқындалған, олар Кеден одағының КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде нақты жазылған, ол балалар мен оларға қарайтын адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ тұтынушыларды олардың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында ойыншықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.

Ойыншықтарда пайдаланылған материалдарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған қайталама шикізатты қолдануға жол берілмейді. Ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне төзімді болуы керек, сұйық толтырғыштың ағып кетуіне жол берілмеуі тиіс.

Ойыншықтарды таңбалау айқын, тексерілетін, анық, оңай оқылатын, тексеруге және сәйкестендіруге қолжетімді және келесі ақпаратты:

- ойыншықтың атауы;

- ол дайындалған елдің атауы;

- дайындаушының, импорттаушының атауы және орналасқан жері, олармен байланыс үшін ақпарат;

- дайындаушының тауар белгісі (бар болса);

- ойыншық арналған баланың ең төменгі жасы немесе баланың жасын көрсететін пиктограмма;

- негізгі құрылымдық материал (үш жасқа дейінгі балалар үшін) (қажет болған жағдайда).

- ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда);

- шығарылған күні (айы, жылы);

- қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (олар орнатылған кезде);

- сақтау шарттары (қажет болған жағдайда) көрсетілуі тиіс.

Есіңізде болсын, ойыншықтар пайдалы және қауіпсіз болуы керек!

Осыған байланысты, балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды, ойыншықтарды шығу жері белгісіз және бекітілмеген сауда орындарынан сатып алмаңыздар.

Сатып алу кезінде сатушыдан өнімнің шығу орнын, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрауыңызға болады. Кондитерлік өнімдер үшін - бұл сәйкестік туралы декларация, ал, ойыншықтарға - сәйкестік туралы сертификат болуы тиіс.

«Саран қалалық санитариялық-

эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» РММ