Санаулы күндерден соң жаңа 2025 жылды қарсы аламыз! Бұл күндері біз бәріміз бір-бірімізге жылы лебіздер айтып, өткен жылды қорытындылап, болашаққа жоспар құрамыз.
Биылғы жыл біздің қала үшін ерекше болды. Саран өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті.
Бұл біз жеткен жетістіктерімізбен, мақтанышпен және жарқын болашаққа сеніммен қарсы алған қала тарихындағы маңызды дата.
Келер жыл барша қала тұрғындарына бейбітшілік, бақыт, зор денсаулық және бақ-береке әкелсін.
Әр күніміз қуанышқа, жылулық пен табысқа толы болып, қаламыз одан әрі дамып, гүлденіп, көркейе берсін.
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!