Білім беру ұйымдарының ынтымақтастығын дамыту және нығайту мақсатында 20 қаңтарда Саран техникалық колледжінде «Саран қаласының білім беру ұйымдарының тиімді қарым-қатынасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Саран қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.А. Баяндина, жастар ресурстық орталығының басшысы С. Д. Ақанова, Саран қаласы мен Ақтас кентінің мектеп басшылары және кәсіби бағдар берушілер қатысты. Дөңгелек үстел барысында №9 облыстық арнайы мектеп-интернатының, №6 жалпы білім беретін мектептің және жастар ресурстық орталығының кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпараттар тыңдалды. Сондай-ақ, Саран техникалық колледжі қатысушыларды жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспарымен, мектеп түлектерін кәсіби бағдарлау шеңберіндегі іс-шаралармен таныстырды.
Колледж директоры А.М. Есімханова еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтардың ашылу перспективалары және контингенттің ұлғаюына қатысты мағлұматтар берді. Қатысушылар оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау шеңберіндегі білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелерін, перспективалары мен міндеттерін талқылады. Білім беру ұйымдарының басшылары оқушыларды ерте бейімдеудің тиімділігі туралы атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде талқылады.
А.Битуова,
Саран техникалық колледж
директорының оқу-тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары