Бүгін: 05.02.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Сұңқар» стадионында ең кретивті, көңілді аққалалар пайда болды. Ал оны қала тұрғындары өз қолымен жасап, безендіре түскен.

16 қаңтар күні  «Сұңқар» стадионында «Қысқы  қызықтар» атты аққала жасаудан байқау өтті. Оған қала тұрғындары мен ұйымдар қатысып, белсенділігін көрсеткен. Тіпті, осы шараның болатынын естей сала балаларымен келген азаматтарды да кездестірдік.

-              Қаламызда осындай шара өтіп жатқанын естіп, баламмен бірге келдім. Баламның  аққала жасағысы келгендіктен бүгін балабақшадан алып, ең мықты аққала жасауға кірісіп кеттік, - деді  «Сұңқар» стадионында футболдан жаттықтырушы Иван Филатов.

Үлкенді-кішілі пішінді, көзі мен мұрны бар, езу тартып тұрған аққаланы жасауға барлығы жұмыла кіріскен. Ұстаздар мен оқушылар біріге отырып, ұшқыр ойларын қосқан. «Қиялда шек жоқ» демекіші, олардың қатарында креативті жаңашыл көзқарастан туындаған қар адамдары да болды.

-              №1 мектеп-лицейі өзінің креативтілігін көрсетіп, әдемі әрі  тәтті аққаланы жасады.  Оның көзі мен түймелері чупа-чупстан, мұрны қызғылт-сары сәбізден, ал қалғанына өзіміздің қиялымызды қостық, - деді №1 мектеп-лицейінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Галина Кирилко.

Қаламызда 2024 жылы дәл осы байқауға ұқсас шара өткен. Алайда, ол кезде саны жағынан көп аққала жасаған ұжым көзге түссе, биыл ең креативті аққалаларға назар аударылды. Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалия Тохметованың айтуы бойынша, алдағы уақытта да қыстың қызықтарына арналған іс-шаралар өтеді.  Жақын арада спорттық бағытта фестиваль ұйымдастыру да жоспарлануда.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА