Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр. Сыбайлас жемқорлық - бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.
Басқарма мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңын басшылыққа алады.
Осы орайда Басқарма басшысының бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген және осы жоспардың орындау бойынша іс-шаралар іске асырып жатыр.
Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер, инфографикалар жарияланып тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормаларын сақтау бойынша құқықтық жаппай оқыту шеңберінде тұрақты негізде семинарлар өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы тікелей байланыс қамтамасыз етілген.
Басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізе асырылады.
Сонымен қатар, Басқарма басшысының жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау күндері, апта сайын дүйсенбі және жұма күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін белгіленген. Басқарма басшысының орынбасарының жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күндері сәрсенбі күні сағат 16-00-ден 18-00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтамау жағдайларын анықтау мақсатында және анықталған бұзушылық жағдайлары бойынша уақтылы және пәрменді шаралар қабылдау мақсатында Басқарманың ресми әлеуметтік желілерінде «жедел желі телефоны» - (872137) 7-67-61 және «сенім телефоны»- (872137) 7-67-82 жөнінде жарияланым тұрақты түрде орналастырылып тұрады.
Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.
«Саран қалалық санитариялық-
эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ