Оқушылар жұмысшы мамандықтарына қатысты қызықты мәліметтермен танысты. Тек біліп қана қоймай, өз ойларын да ортаға салған.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында №1 отбасылық оқу кітапханасында «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты тақырыпта ақпараттық сағат өткізілді.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастар арасында еңбекқорлықты насихаттау мақсатында өткен шарада №1 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары белсенділіктерін көрсеткен. Онда тақырыпқа сай рухани қазынаға бай, әрбірі өзіне керегін ала алатын, жұмысшы мамандықтар жайлы тереңірек білгісі келетін жандарға таптырмайтын «Кітапхана арқылы-мамандыққа» атты танымдық көрме ұйымдастырылды.
№1 ООК ересектер абонементінің кітапханашысы Е.Н.Алексейцеваның айтуы бойынша, оқушылар ағаш шеберінің, сантехниктің, токарьлердің ісімен, жұмыс ауқымымен танысқан. Бір қуантатыны, оның барлығы ойын түрінде өткендіктен, берілген ақпарат білім алушының жадында оңай сақталады. Мамандардың жұмыс істеу бағыты мен әр жұмыстың артында білім мен қажырлы еңбек барын түсіндіреді.
Одан бөлек, №1 отбасылық оқу кітапханасында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Ер дәулеті – еңбек» атты кітап көрмесі ел назарына ұсынылды.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА