Бүгін: 12.03.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімі «Сіздің үйіңізге қауіпсіздік» акциясын қолға алды. Оның мақсаты – тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мәдениетін үйрету.

29 қаңтар күні Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Сіздің үйіңізге қауіпсіздік» атты акциясы аясында  Ақтас кентіндегі әлеуметтік осал топтардың және көп балалы отбасылардың үйлеріне көміртегі тотығы датчигін орнатты. Әрі тұрғындарға  сақтық шаралары жазылған ақпараттық жадынамаларды таратты.

Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Мирас Жүнісбектің айтуы бойынша, жылыту маусымы басталғалы бері, қала аумағында 15  жану фактісі болған оның 14 жеке тұрғын үй секторында орын алса, ал биыл жыл басынан бастап тұрғын секторында 4 жану оқиғасы тіркелген.

Жалпы тұрғын үйлерде өртті болдырмау, өрт қауіпсіздігін сақтау, өрттің тілсіз жау екендігі аз айтылмайды. Сонда да жеке тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары көп орын алып отыр. Қыс мезгілінде, яғни жылыту маусымы басталған уақытта тұрғын үйлерде ережеге сай салынбаған жылу пештерінің ақаулығынан, қарапайым сақтық шаралардың дұрыс сақталынбауынан өрт оқиғалары кездесіп жатады. Сол себепті қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері әрдайым қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.  Үй иелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейдтер өткізіп келеді.

Қарапайым ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениеті тосыннан болатын көптеген өрттен аман алып қалады. Сондықтан да абай болайық.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА