Бүгін: 12.03.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

29 қаңтар күні Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында аса көрнекті қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Ғасыр адамы» атты әдеби-танымдық сағаты өтті.

Жасөспірімдердің оқырмандық талғамын, санасын қалыптастыру, әдебиет пен тарих арқылы рухани жан дүниесін байыту мақсатында өткен шараға №16 жалпы білім беретін мектептің 9 және 10-сынып оқушылары қатысты.  Үш бөлімнен құралған әдеби-танымдық сағат аясында білім алушыларға «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қауіпті өткел», «Ғашықтар» және басқа да романдардың авторы, драматургия, кино, аударма саласында еңбегі сіңген Ілияс Есенберлиннің жүріп өткен жолы баян етілді.

Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының әдіскері Нұрзия Фаттахова жазушының өмірбаянынан сыр шертсе, сол орталықтың мәдени ұйымдастырушы Жанар Султанбекова әдеби тұлғаның көркем шығармаларына шолу жасаған. Әрі Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында белгілі  «Көшпенділер» роман-трилогиясына бөлек тоқталып, тарихи тұлғалардың оқиғалары суреттелді.  Шара соңында балаларға ширату сәтін сыйлаған ойын форматында викторина ұйымдастырылды. Қатысушылар да сұрақтарға жауап беріп, барынша белсенді болған.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА