Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында қарағандылық Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн теңгеден берілді. Одан бөлек, нацистік концлагерлер тұтқындарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болған майдангерлердің отбасыларына, Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларға материалдық көмек көрсетілді.

Қарағанды облысында қазір 67 ҰОС ардагері мен мүгедектері ғұмыр кешуде. Бір реттік материалдық көмек олардың жеке есеп шоттарына аударылды, сондай-ақ, үйлеріне жеткізілді.

Одан бөлек, аймақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 101 адамға, яғни, концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен ерікті майдан еңбеккерлеріне де 200 мың теңгеден бөлінді.

Қолдау ҰОС жылдары қайтыс болған ардагерлер мен тыл еңбеккерлері отбасыларына да көрсетіліп, осы санаттағы 8778 адам 50 мың теңгеден алды.

Ауғанстанда соғысқан жауынгер-интернационалистер (596 адам), ЧАЭС апатын жоюшылар (598 адам) да назардан тыс қалған жоқ. Оларға 100 мың теңгеден төленді. Сонымен қатар, биылғы жылдың ақпан айында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес контингентінің шығарылуының 31 жылдығы аталып өткенде, Қарағанды облысының бірқатар қалалары мен аудандарында аталған жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандарға 100 мың теңгеден бөлінді. Бұл қаражатты 902 адам алды.

Жалпы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында бөлінген материалдық көмектің жиынтық сомасы – 757,4 млн. теңге.

Қазақстанның өзге аймақтары арасында, Қарағанды облысы төлемді ерте бастағанын ерекше атап өту керек.