Бүгін: 19.10.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдері жиналып, БАҚ қызметкерлеріне баспасөз туры ұйымдастырылды.

Бүгінде «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Саран қаласының білім беру ұйымдары керек жабдықтармен жабдықталды.

- Саран қаласында 8 мектептің барлығы біздің жобаның қатысушылары болып табылады. Біз қазір Абай атындағы мектептеміз. Бұл мектеп – «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енді. Жоба жан-жақты. Барлық практикалық бөлмелерді қамтиды, - деп атап өтті «Қазақстан халқы» ҚҚ Білім, мәдениет және спорт саласындағы жобаларды және бағдарламаларды басқару орталығының аға жоба менеджері   Зауре Байменова.

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 22 оқу кабинеті бар. 2023 жылы  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен мектептің  барлық кабинеттері партадан бастап, заманауи үлгідегі техникалармен толықты.

Мектеп директоры Гүлден Серикованың айтуы бойынша, 2023 жылдан бастап білім беру сапасы 10-12 пайызға өскен. Оқушылардың ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндігі артып, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі жарыстардан олжалы болуда.

- Жаратылыстану бағытында көптеген құрал-жабдық келгендіктен балалардың ғылыми жұмыстармен айналысуы жоғары дәрежеге көтерілді. Оқу кабинеттеріміз жаңаша бақытта жабдықталған. Сонымен қоса, кітапханамызда жаңа интерактивті тақта, компьютерлер, үстелдері - балаларға ыңғайлы жағдайда келді, - деді мектеп директоры Гүлден Серикова.

Оқу кабинеттерден бөлек, мектеп спортзалы мен үйірмелердің іші жаңарып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бар жағдай жасалған.

Балалар тігін машинасымен тігуді, қолөнер бұйымдарын жасауды, шахмат, бес асық сынды спорттық ойындармен айналысуды, работотехниканы еш қиындықсыз игере алады. Болашақ журналистерге студия ашылып, мектеп қабырғасында өз дағдыларын машықтандыра алатын керек техникалармен қамтамасыз етілген. «Осының барлығы сапалы білім беруге сеп болады», - деп отыр мектеп әкімшілігі.

- Бұрында бізде аяқ машина болса, қазіргі таңда бізде заманауи тоқ машина келді. Тоқ машинамен оқушыларлымыз өте жақсы жұмыс істейді. Қызығушылықтары өте жоғары. Осы жұмыстардың арқасында мектебіміз де үлкен жетістіктерге жетуде, - деді  Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің еңбек мұғалімі Жайнагүл Мухархан.

Хакім Абай атындағы білім орданың іші толық араланып болған соң, жас техниктер станциясының бүгінгі тыныс-тіршілігі таныстырылды. Робототехника, шеберлік кабинеттері, модельдеу зертханасы араланып, жетістіктеріне шолу жасалынды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА