Ұстаз – ұлы есім. Білім мен тәрбиенің шамшырағы, әрбір шәкірттің жүрегіне нұр құйып, оның болашағына бағыт-бағдар беретін тұлға – ұстаз. Қай қоғамда да мұғалім мәртебесі ерекше болған. Себебі ұстаз – ұлттың интеллектуалды дамуының, рухани өрлеуінің, мәдени кемелденуінің қайнар көзі.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген дана халқымыз. Бұл сөздің астарында терең мән жатыр. Ұстаз тек білім үйретіп қана қоймайды, ол – өмірлік ұстаным мен адамгершілік қағидаттарды да бойға сіңіруші тұлға. Шәкірт жүрегінен орын алған мұғалім – мәңгілік ұмытылмайтын бейне.
Елімізде мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында көптеген игі шаралар қолға алынып келеді. «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – ұстазға көрсетілген үлкен құрмет пен қолдаудың нақты көрінісі. Сонымен қатар, заманауи білім беру бағдарламалары, біліктілікті арттыру курстары, материалдық базаны жақсарту жұмыстары – мұның бәрі ұлт болашағын қалыптастыратын ұстаздардың еңбегін бағалаудың белгісі.
Ұлт тағдыры – білімді ұрпақтың қолында. Ал білімді ұрпақ – тәрбиелі, көреген, жан-жақты ұстаздың алдынан шығатыны сөзсіз. Сондықтан да қай заманда болсын ұстаздың еңбегі ерен, орны биік.
Ұстаз – тек мамандық иесі емес, ол – жүрек қалауымен таңдалған, бүкіл өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты жан. Сондықтан да ұстазға деген құрмет – ұлтқа деген құрметпен пара-пар.
Ұстаздар күні - тек қана кәсіби мереке емес, бұл - бүкіл қоғам больп ұстазға деген құрметті білдіретін күн. Осы мереке қарсаңында барша ұстаздар кауымына шын жүректен алғыс айтып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Ұстаздың еңбегі - өлшеусіз, орны - ерекше!
М.К.Байкөжекова,
«№7 мектеп-интернаты»
КММ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары