Бүгін: 03.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Таяуда Республика күніне орай Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған шаттыққа толы шара ұйымдастырылды.

Қуаныш пен мейірімге, қамқорлыққа толы күнде балалар мен педагогтер бірлесіп түрлі ойындар ойнады, би билеп, шаттыққа бөленді. Жаңбырдың әсерін беретін сәтте балалар қолшатыр астына тығылып, табиғаттың қызықты құбылыстарымен танысты.  Бәрлесе сорпаға көкөністер жинап, компот дайындауға атсалысты.  Көздерін жұмып, тек дәм арқылы түрлі жемістерді танып көруге тырысты.

Сондай-ақ, «Алтын күз» тақырыбы да сырттан тыс қалмай, мезгілге сай шығармашылық жұмыс орындалды. Қатысушылар табиғат сұлулығын сезіне отырып, өз қиялына қарай қабырғаны түрлі-түсті күзгі жапырақтармен безендірді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұндай шаралар балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, олардың қоршаған ортамен байланысын нығайтып, ынтымақтастыққа үйретеді.

Шара соңында Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығының басшысы Майра Кульджабаева балалардың белсенділігін атап өтіп, естелік ретінде сыйлық тарту  етті. Бәрінен де қатысушылардың жүзіндегі күлкі мен көздеріндегі қуаныш – бұл шараның басты жетістігі болды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА