Бүгін: 03.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына орайластырылған «Заң мен Тәртіп» аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, Саран қаласының “№7 мектеп-интернаты” КММ-де "Жас сақшы" әскери-патриоттық жасақ қатысушыларымен саптық қарау ұйымдастырылды.

Іс-шараға Саран қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ахметов Арман Жанатұлы арнайы қатысып, “Заң мен Тәртіп” идеологиясы бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Ол өз сөзінде еліміздің ішкі тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқық қорғау саласының маңызын, офицерлік абырой мен тәртіптің қоғамдағы рөлін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Жумашева Жұлдыз Баяновна, ақпараттық саясат тобының жетекші маманы, “Жас сақшы” сыныбына еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылымдардың қызметі, олардың күнделікті жұмысы мен жауапкершілігі туралы баяндады. Оқушылар мамандардың кәсіби жолы, қызметтік міндеттерімен танысып, өз қызығушылықтарын білдірді.

Саптық тәртіп пен әскери рухты бойға сіңіруге бағытталған бұл кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, тәртіп пен жауапкершілік секілді қасиеттерді қалыптастыру. Оқушылар мемлекеттік рәміздерге құрмет, әскери тәртіптің негіздері мен офицерлік әдебіне қатысты құнды мағлұматтар алып, құқық қорғау қызметінің күрделі де қадірлі жолы жайлы тереңірек түсінік алды.

Іс-шара барысында оқушылар патриоттық рухты сезініп, тәртіптің маңызын ұғынды. Бұл кездесу олардың болашақ мамандық таңдауларына да оң әсер ететіні сөзсіз.

 М.К.Байкөжекова,

«№7 мектеп-интернаты» КММ

директордың тәрбие жөніндегі орынбасары