Бүгін: 03.11.2025
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қала әкімінің орынбасары  Алмас Омарханов көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқасымен марапаттады.

24 қазан күні  қала әкімдігінде салтанатты рәсім өтіп, көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды. Шараға қала әкімінің орынбасары Алмас Омарханов қатысып, Саран қаласының тұрғыны, жеті баланың ардақты анасы Наталья Гуцулякті «Алтын алқа» және  алты баланың аяулы анасы Елена Бабошинаны «Күміс алқа» алқасымен марапаттады.

Марапат иегерлеріне еліміздің демографиялық дамуына қосқан үлесі мен отбасылық құндылықтарды дәріптегені үшін алғыс айтылды. Көпбалалы аналар да  өз тарапынан ризашылығын жеткізді.

-              Осындай марапатқа ие болатынымды естігенде, әрине, қуандым. Бұл менің екінші алқам. Оған дейін «Күміс алқа» алқасымен марапатталғанмын.  Алты қыз, бір ұлым бар,- деді  Наталья Гуцуляк.

Еске сала кетейік, «Алтын алқа» алқа жеті және одан да көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға, ал «Күміс алқа» алқасы алты баласы бар аналарға беріледі.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА