Бүгін: 05.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік  тіл  – тәуелсіз  елдің басты нышандарының бірі, ұлттың  рухани  тұтастығын  айқындайтын  маңызды құндылық.  Қазақстан Республикасының   мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол   халықты  біріктіретін, елдің   мәдениеті мен тарихын сақтайтын негізгі құрал болып табылады.

Мемлекеттік   тілдің   мәртебесі  ел Конституциясында   бекітілген. Қазақ тілі мемлекеттік басқару  ісінде, білім   беру    саласында, ғылым   мен мәдениетте   кеңінен  қолданылуы  тиіс. Тілді дамыту – тек заңмен   емес, әрбір   азаматтың   саналы    көзқарасымен   жүзеге   асатын   ортақ міндет.

Қазақ   тілін  құрметтеу – Отанды құрметтеу. Мемлекеттік  тілді  білу және  қолдану  арқылы  азаматтар  елдің    қоғамдық    өміріне    белсенді араласып, ұлттық   бірліктің  нығаюына үлес қосады. Сондықтан  мемлекеттік  тілді дамыту мен қолдау – ел болашағына жасалған маңызды қадам.  Мемлекетіміздің  қуаттылығы   оның   ұстанған  саясаты  мен  халқының  бірлігінде  және   жарқын  болашағында.

Ж. Джумашева,

Саран қаласының

полиция бөлімі