Бүгін: 05.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

28 қаңтар күні қала азаматтары «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында, «Құқықтық тәртіп әліпбиі» жобасы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның бөлімдерін аралады.

Шара алдымен Саран қаласы әкімдігінің конференц-залында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта бастау алды. Онда қала әкімі аппаратының басшысы Ақылбай Нағидулла сөз сөйлеп, құқықтық сауаттылықтың мән-маңыздылығын атап өтіп, күн жоспарымен таныстырды.

Жиыннан соң, мемлекеттік органдардың басшылары, қала депутаттары, қоғам белсенділері мен жастар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Қарағанды облысы бойынша филиалына қарасты тіркеу және жер кадастры жөніндегі Саран қалалық бөліміне барды. Бөлім басшысы А. Акимова қатысушыларды қарсы алып, жер қатынастары мен кадастры  және заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті тіркеу мен техникалық тексеру бойынша ақпарат берді. Қаладағы адам көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығы да назардан тыс қалмады. Орталық басшысы Алия Толеубекова жаңартылған, келушілерге ыңғайлы етіп жасалған, заманға сай жөндеуден өткен ғимаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы баяндады.

- Бүгінгі іс-шарада халыққа қызмет көрсету орталығымен және жергілікті жер басқармасымен танысып отырмыз. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай шаралар бізге алдағы уақытта керек деп ойлаймын,- деді Саран қаласының прокуратурасының прокуроры, үшінші сыныпты заңгер Диас Жұмақан.

Сондай-ақ, Саран қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы Л.Югай да жан-жақты ақпарат ұсына отырып, бөлімшенің қызметі мен жұмыс тәртібі туралы толық мәлімет берді. Іс-шара аясында қатысушылар АХАЖ бөліміне де барып, онда азаматтық хал акілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Абеуова экскурсия өткізді. Экскурсия барысында 2025 жылдың көрсеткіші бойынша АХАЖ бөлімінде 168 неке тіркелгені және жыл басынан бері 24 жаңа отбасы құрылғаны атап өтілді.

Кейін қатысушылар конференц-залға жиналып, шараны қорытындылады.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА