Бүгін: 05.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2025 жылғы 21 қаңтарда «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-сінде қызметкерлерге арналған «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі алаяқтық қауіптері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысы  А.Кулжанбеков ашып, қазіргі қоғамда алаяқтықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, мұндай түсіндіру жұмыстарының мемлекеттік қызметшілер үшін аса өзекті екенін атап өтті. 

Дөңгелек үстел барысында Саран қаласы полиция бөлімінің жедел уәкілі,  полиция майоры М. Е. Майпасов пен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Д.Ж.Агзамов интернет пен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардан сақтану жолдары және жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша баяндама жасады. 

 Сонымен қатар, қатысушылар алаяқтыққа қарсы іс-шараларды нығайту және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында пікір алмасты.

А. Нурмаханова,

«Саран қаласының

мемлекеттік архиві» КММ

мұрағатшысы