Бүгін: 05.02.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласының спорт орталығы әрдайым салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Зияткерлік ойындарға да ерекше көңіл бөлінуде. Таяу да ғана Саран қаласының пробация бөлімімен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында шахматтан жарыс өтті.

Ең алдымен қатысушыларға  бас төреші Николай Герасимов зияткерлік ойынның ережесін түсіндіріп беріп, жеребе арқылы топ-топқа бөлді.

- Жарыста қатысушылар жақсы ойын көрсетті. Жалпы, біз 2026 жылға пробация қызметімен бірлесе 8 спорттық шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Енді келесі іс-шарамызды ақпан айында ұйымдастыру жоспарда бар,- деді қалалық спорт орталығының әдіскері Фариза Рахымжан.

Саран қаласы пробация қызметінің бастығы, әділет капитаны Дайана Саламатқызы Байбахтинаның айтуы бойынша, іс-шараның негізгі мақсаты — есепте тұрған адамдарда салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ оларды дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Зияткерлік жарыстың соңында қатысушылар қалалық спорт орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА