Бүгін: 09.03.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру күніне 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының қатысуға құқығы бар.

Тізімдерді әкімдіктер нақты дауыс беру учаскесінің аумағындағы тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Сіздің тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Егер тұрақты тіркелуіңіз болмаса, Сіз референдум тағайындалған сәттен бастап, тиісті жергілікті атқарушы органда дауыс беруші ретінде тіркеле аласыз. Дауыс беру учаскелері тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады және олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сізге өз учаскеңізде республикалық референдумға қатысуға құқылы азаматтардың тізімінен өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі берілетін болады.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы