Бүгін: 09.03.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Таяуда қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, саясаттанушы, қоғам белсендісі Серік Мустафин Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында 10-сынып оқушылары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан алынған үзінді бойынша диктант жазып, білімдерін сынады. Себебі, бастапқыда балалар қандай туынды негізінде диктант жазып отырғандарын білмеген. Тек кейін диктанттан соң ғана, Серік Мустафин  балаларға үш сауал қойып, автор мен кітап атауын, басты кейіпкер мен шығарманың рухани бағытын анықтауды тапсырған. Шараға білім алушылар белсене қатысып, мәтіннің мазмұнына қарай өз ойларын ортаға салды.

Содан соң, даңқты қолбасшы, қазақ жауынгері әрі жазушысы Бауыржан Момышұлы жазған автобиографиялық шығарма үш бағытта талқыланды. Соғысқа дейінгі уақыты мен соғыстан кейінгі жылдары және жаңа кезең бойынша ой-пікір айтылды. 2025 жылдың 25 желтоқсанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Момышұлына ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Кездесу соңында, Серік Мустафин қатысушыларға хакім Абайдың қара сөздері жазылған кітаптарды сыйға тартты.

Өз тілшімізден