Бүгін: 22.03.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Халықаралық әйелдер күніне орай Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр нәзік жанды аруларды марапаттады.

Қала әкімі қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген әйел қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық пен еңбектеріне табыс тіледі.

Мерекелік шарада бірқатар аруларға Қарағанды облысының Құрмет грамотасы, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаты, Саран қаласы әкімінің Құрмет және Алғыс хаты салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ, нәзік жанды арулардың қоғамдағы рөлі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлесі атап өтілді.

 Дина ӘБДІҒАЛИЕВА