Бүгін: 09.04.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

28 наурыз күні Саран қаласында  5000-ға жуық тұрғын сенбілікке шықты. Бірі өз аулаларын ретке келтіруге кірісіп кетсе, енді бірі балалар көп шоғырланатын жерлерді, қаланың аумағын қыстан қалған қоқыс-қалдықтардан тазартты.

 Қала тұрғындарының, еңбек ұжымдары мен ұйымдардың қатысуымен өткен жалпықалалық сенбілікке 75 ұжым қатысты.

- Біз республикалық, облыстық, қалалық сенбіліктерге, таза бейсенбілерге қатысып тұрамыз. Аулаларымызды таза ұстауға тырысамыз. Тазалыққа белсене қатысамыз, - деді №6 жалпы білім беретін мектептің шаруашылық меңгерушісі Гульнара Аужанова.

«Саран каласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі берген ақпаратқа сүйенсек, сенбілік барысында 5 гектар аумақ қоқыстан тазартылды, 6 рұқсат етілмеген полигон жойылды, 355 тонна қоқыс шығарылды.

- Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз. Ұжыммен бірге сенбіліктерге үнемі шығып, аумақты таза, тәртіпте ұстауға тырысамыз... Қаламыздың әрқашан таза, жайлы әрі әдемі болып тұрғанын қалаймыз, - деп ұжымымен бірге сенбілікке шыққан «Сәуле» бөбекжайының директоры Гульзия Алимова өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ, жалпықалалық сенбілікке 18 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Күні кеше ғана қаламызда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті. Ал 4 сәуір күні келесі сенбілік жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА