Бүгін: 20.06.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Деструктивті діни ағымдар – діни сенімді өз мақсаттарына пайдаланып, адамдардың санасы мен мінез-құлқын бақылауға ұмтылатын ұйымдар. Олар қоғамның дәстүрлі құндылықтарына қарсы келіп, адамдарды отбасы мен қоршаған ортадан оқшаулауы мүмкін.

Мұндай ағымдардың негізгі белгілеріне көшбасшыға шексіз бағынуды талап ету, сыни ойлауды шектеу, өз ілімін ғана дұрыс деп көрсету, мүшелеріне психологиялық қысым жасау және қаржылай тәуелділік қалыптастыру жатады.

Деструктивті діни ағымдардың қоғамға әсері өте үлкен. Олар отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуына, жастардың теріс жолға түсуіне, әлеуметтік тұрақсыздықтың артуына және радикалды көзқарастардың таралуына себеп болуы мүмкін. Кей жағдайда мұндай ұйымдар қоғамдық қауіпсіздікке де қатер төндіреді.

Сондықтан деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін діни сауаттылықты арттыру, жастарға дұрыс тәрбие беру және ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білу маңызды. Бұл қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға көмектеседі.

Н. Мұсабеков,

дінтанушы, қалалық

ақпараттық топтың мүшесі