
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Осы бағытта Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Басқармада осы жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың нормаларын сақтау бойынша құқықтық жаппай оқыту шеңберінде тұрақты негізде семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қала ведомстваларымен семинарлар, Басқарманың әлеуметтік желілерінде осы бағытта тікелей эфирлер өткізіледі, жарияланымдар, жергілікті БАҚ-да мақалалар жарияланады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау қадағаланып, барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралады. Ай сайын өтініштерді қарау сапасына талдау жүргізіледі. Басқармада мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер «elicense.kz» веб порталы арқылы электрондық түрде қабылданып, заң шеңберінде қаралып жауап беріледі.
Басқарманың 2025 жылғы атқарған қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің сайында жарияланды.
Әр аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының және Әдеп кодексінің (оның ішінде әртүрлі материалдық құндылықтарды, қызметтерді қабылдауға тыйым салу мәселесі, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта мінез-құлық қағидалары және т.б.) талаптарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің сыртқы келбеті қағидаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мәселесі талқыланады.
Ғимараттың кіре берісінде, бейнебақылаумен жабдықталмаған және басшылық пен мамандар көрінуді болдырмайтын жерде азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған жәшік орнатылған, сонымен қатар Басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу мақсатында мамандардың заңсыз әрекеттері туралы «сенім телефоны» 8-(72137)-7-67-61 хабарласа алатындарыңызды естеріңізге сала кетеміз.
Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды апта сайын дүйсенбі күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін және жұма күндері сағат 10-00-ден 12-00-ге дейін жүргіземін.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған және осы бағытта жұмыс жалғастырылады.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
А. Мусабекова,
«Саран қалалық
санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің басшысы







