Бүгін: 29.08.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мүгедектігі бар адамдар мен қарт азаматтарға 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не олардан құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесі (ХҚКО), «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «egov.kz-электронды үкімет» веб-порталы, ұялы байланыс абоненттік құрылғы (электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда) арқылы өтініш бере алады.

Әлеуметтік оңалту аясында мүгедектігі бар адамдарға 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

- «Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

- «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

- «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

- «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу»;

- «Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

Мүгедектігі бар адамдар берген өтініштер ағымдағы жылға бөлінген қаржыландыруды ескере отырып, орындау үшін порталға жолданады, содан кейін қызмет алушыларға тапсырысты ресімдеу мүмкіндігін беру туралы телефонға СМС хабарлама келеді.

Мүгедектігі бар адамдарға және мұқтаж қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мақсатында мына мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу» стационар, жартылай стационар жағдайында және үйде көрсетіледі.

Мүгедектігі бар адамдардың және әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау аясында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу».

- «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру».

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де, «Саран қаласының мансап орталығы» КММ-де, «Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО)» Мемлекеттік корпорациясында және «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-де өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жабдықталған.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің барлығы уақтылы және тегін көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекенжайға жүгінуге болады: Саран қ., Жеңіс көш., 45 үй, 12 кабинет, телефон нөмірі: 7-68-05.

Жұмыс уақыты: 9.00-ден - 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден - 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.