
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Қадыр Мырза Әлі
Тіл – ұлттың рухани қазынасы, тарихы мен мәдениетінің алтын көпірі. Әр халықтың болмысын, дүниетанымын, салт-дәстүрін танытатын басты құндылықтарының бірі – оның тілі.
Сондықтан да тілге деген құрмет халыққа деген құрметпен астасып жатады. Қазақ халқының «Халық дос болса, тіл де дос» деген даналық сөзі осы ақиқатты тереңнен меңзейді. Бүгінде әлем елдері өзара тығыз байланыс орнатып, мәдени және рухани қарым-қатынастарын нығайтуда.
Мұндай жағдайда халықтар арасындағы татулық пен түсіністік ерекше маңызға ие. Достық орнаған жерде сенім болады, ал сенім бар жерде әр ұлттың тілі мен мәдениетіне деген құрмет қалыптасады. Қазақстан халқы тілдері күні – еліміздегі этностардың тілдері мен мәдениетіне деген құрметті арттыратын, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды мереке. Бұл күн мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерумен қатар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың тілдік мұрасын дәріптеуге бағытталған. «Егер адамдар дос болса – тілдер де дос» деген қанатты сөз мерекенің негізгі идеясын айқын көрсетеді. Тіл – ұлттың жаны, мәдениеті мен тарихының айнасы. Әрбір тілдің сақталуы мен дамуы – халықтың рухани байлығының кепілі. Ал түрлі ұлт өкілдері бір-бірінің тілі мен мәдениетіне құрметпен қарағанда қоғамдағы келісім мен татулық одан әрі нығая түседі.Осыған орай қала көлемінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған бірқатар мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, тілдер фестивалі, әдеби кештер, шығармашылық кездесулер, кітап көрмелері, зияткерлік ойындар, мәнерлеп оқу байқаулары, дөңгелек үстелдер мен танымдық кездесулер өткізіледі. Бұл шаралар жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және түрлі этностардың мәдени құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік береді. Қазақстан – түрлі этностар мен мәдениеттер тоғысқан бейбіт ел. Тәуелсіздік жылдарында еліміз қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту бағытында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде елімізде көптеген ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Әр этностың өз ана тілін дамытуына мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл – еліміздегі тіл саясатының басты бағыттарының бірі. Өйткені мемлекеттік тіл – елді біріктіретін маңызды фактор. Қазақ халқының ұлы ағартушысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген қанатты сөз қалдырған. Бұл тұжырым тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихын, мәдениетін, дүниетанымын және ұлттық болмысын сақтайтын асыл қазына екенін айқын көрсетеді. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту – барша азаматтың ортақ міндеті. Ал өзге тілдерді құрметтеу – қоғамдағы өзара сыйластықтың көрінісі. Адамдар бір-бірінің тілін үйрену арқылы жақындай түседі. Тіл үйрену – тек сөз жаттау емес, өзге халықтың мәдениетін, дүниетанымын тану деген сөз. Сондықтан тілдер арасындағы байланыс халықтар арасындағы достықтың нығаюына ықпал етеді. Қазіргі таңда жастар бірнеше тілді меңгеруге ұмтылуда. Бұл олардың білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, түрлі мәдениеттерді түсінуге мүмкіндік береді. Көптілділік – заман талабы. Дегенмен, қай кезде де ана тіліне деген құрмет бірінші орында тұруы тиіс.
Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің мекені. Елімізде жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді. Осындай бірлік пен өзара сыйластықтың негізінде әрбір азаматтың ана тіліне құрмет көрсету, мемлекеттік тілді меңгеру және көптілділікті қолдау маңызды орын алады. Қазақстан халқы тілдері күні – тек мерекелік дата ғана емес, халықтарды жақындастыратын, мәдениеттерді тоғыстыратын және ортақ құндылықтарды дәріптейтін ерекше күн. Адамдар арасындағы достық пен сыйластық нығайған сайын тілдер де бір-біріне жақындай түседі. Сондықтан әрбір азамат ана тілін ардақтап, мемлекеттік тілді құрметтеп, өзге тілдерді үйренуге ашық болғаны – ел бірлігі мен жарқын болашақтың кепілі. Тіл – адамдарды жақындастыратын, ұлттарды өзара түсіністікке жетелейтін ең маңызды рухани құндылықтардың бірі. Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің татулық пен келісімде өмір сүруі – мемлекеттік саясаттың басты жетістіктерінің бірі. Әр халықтың өз ана тілін дамытуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру барша қазақстандықтарды біріктіретін маңызды фактор саналады.Бүгінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында, мәдениет мекемелерінде, кітапханаларда, жоғары оқу орындарында түрлі байқаулар, пікірсайыстар, әдеби кештер, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып келеді. Мұндай игі бастамалар жастардың тілге деген құрметін арттырып, олардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға ықпал етеді. Тілдерді құрметтеу – өткенге тағзым ғана емес, келешекке деген жауапкершілік. Ана тілін ардақтап, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосу – әрбір азаматтың парызы. Ал өзге тілдерді білу – білім мен мәдениеттің, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Еліміздегі қоғамдық келісім мен бірліктің берік негізі – өзара сыйластық пен түсіністік. Сондықтан Қазақстан халқы тілдері күні әр азаматқа тілдің қадірін ұғындырып, халықтар арасындағы достықты одан әрі нығайтуға үндейтін тағылымды мереке болып қала береді. Ана тілін құрметтеген ұлт өзінің өткенін ұмытпай, болашағына нық қадам басады. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдану және жас ұрпақтың бойына тілге деген құрметті сіңіру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.Қазақстан халқы тілдері күні – осы құндылықтарды дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн әртүрлі этнос өкілдерінің тілдері мен мәдениетіне құрмет көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға қызмет етеді. Адамдар бір-бірінің тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеген сайын олардың арасындағы достық та беки түседі. Сондықтан «Егер адамдар дос болса – тілдер де дос» деген қағида еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің жарқын көрінісі болып қала береді.
М. Алимбекова,
ООК №1 ересектер
абонементінің
кітапханашысы





