Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тілі болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез – құлқы белгілері көрініс табады. Осы тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске асатын, толықтырып, толғандырып жетілетін үрдіс десек те болады.
Баланың өз тілінде сөйлей білуі отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде дами бастайды.
Тілі мықтының – елі мықты. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі ғана емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзің Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі!
Ж.Джумашева,
Саран қаласының полиция бөлімі





