Бүгін: 18.09.2026
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласына қарасты Ақтас кентінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне орай тоғызқұмалақтан жекелей жарыс өтті.

Таяуда Ақтас кентінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде зеректілік пен ұқыптылықты талап ететін тоғызқұмалақ ойындарынан тартысты ойын өтті. Әп-сәтте 25 қатысушы үстелге отырып, өз бақтарын сынаған.

Қалалық спорт орталығында тоғызқұмалақ ойыны бойынша жаттықтырушы Даулетбай Мұраттың айтуы бойынша, Ақтас кентінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде тоғызқұмалақтан бірінші рет жарыс ұйымдастырылды. Қатысушылардың дайындығы мен ынтасы да ерекше атап өтілді.

Зейін мен шыдамдылықты дамытатын ойынның нәтижесінде 15 жасқа дейін қыздар арасында: Мурат Руқайя 1-орынды, Ибрахим Сезім 2-орынды және Ибрахим Гулжамал мен Мурат Разия 3-орынды алды. Ұлдар арасында Қалмұрат Алихан 1-орынмен, Махан Мағжан 2-орынмен, Хамзин Ілияс 3-орынмен марапатталды. 16 жастан жоғары ұлдар арасында: Қазбеков Адлет 1-орынмен жеңіске жетсе, Мұқаш Әлібек 2-орынға жайғасты. Ал Қалыбек Бекзат жүлделі 3-орынға ие болды. Қыздар арасында: Хайратбай Алтынай ерекшеленіп 1-орынға шықты. 2-орын - Асқарова Асемге бұйырды. Балабаева Данеля болса, 3-орынмен марапатталды.

Саран қаласында тоғызқұмалақ ойындары аула клубтарынан бастау алған. Бүгінде зияткерлік ойынның бұл түрі балалар мен жастар қауымы арасында қызығушылықты оятып, ұлттық ойынға деген сүйіспеншілікті арттыруда.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА