
Саран қаласының Мәдениет үйінде қызметкерлер арасында «Заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында заңнаманы сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін құрметтеу, сондай-ақ әр адамның өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік таныту мәселелері кеңінен талқыланды.
Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттырып, ұжымда тәртіп пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал етеді.
Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруда Конституцияның маңызы ерекше.
Ол азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын айқындап, қоғам мен мемлекет дамуының басты қағидаттарын белгілейді.
Конституция талаптарын білу және құрметтеу – әр азаматтың заңға деген жауапты көзқарасының көрсеткіші.
Сондықтан заң талаптарын сақтау мен азаматтық жауапкершілікті арттыру қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады.





