Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын көңілден құттықтаймын!
Бұл мереке халық бірлігін, бейбітшілік пен келісімді, сондай-ақ игілікті істер жасауға деген ұмтылысты білдіреді. Бүгінде еліміз болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, сенімді түрде дамып келеді.
Қазақстанның дамуына біздің туған қаламыз – Саран қаласы да лайықты үлес қосуда. Жерлестеріміздің еңбегі, белсенділігі мен жетістіктерінің арқасында қаламыз одан әрі дамып, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыруда.
Қадірлі жерлестер!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке, бейбітшілік пен барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! Әр шаңырақта жылулық, татулық салтанат құрып, сүйікті Отанымыз өркендеп, гүлдене берсін!
Республика күні құтты болсын!





