Бүгін: 10.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Коронавирус пайда болған кезде осы індетпен ауырып, бойында антиденелер пайда болған адамдардың қан плазмасын коронавирустың ауыр түрімен ауырып жатқан науқастарды емдеу үшін пайдалану мәселесі көтерілген болатын. Қазіргі кезде бұл процес жүргізіліп жатыр ма және нәтижесі қандай? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында тілшілер осындай сұрақ қойды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, бұл жұмыстар медициналық ұйымдарда жүргізілуде. Ол медициналық көрсеткіштер бойынша кейбір пациенттерге ғана қолданылады.

«Плазма ауыр халде жатқан науқастарға емес, енді ғана ауыра бастағанда, вирус қанда болған кезде пайдаланылады. Емдеудің бұл түрі ауруы әбден өтіп кеткен, реанимацияда жатқан науқастарға көп көмек көрсетпегенін дәрігерлер өз тәжірибесінде айтып жүр. Сондықтан плазма тек дәрігерлердің рұқсатымен көрсетілімдер бойынша қолданылады. Ол қан орталықтарында әзірленеді және сұраныстар бойынша ауруханаларға беріледі», - деді вице-министр өз жауабында.

Ақпарат көзі: ortcom.kz