Бүгін: 26.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды ету. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі көзқарастарға жол беріп  жатамыз. Олай болса,  «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай пайдалану деген сөз.

Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес»-деуінің өзі де ұлтқа деген жанашырлық деп білемін.

Сонымен қатар, Елбасы «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның түп негізі: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Олай болса, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге  көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында атқарылған сан алуан істің ұйытқысына айналған Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы үшін де жоғарыда көрсетілген мәселе бүгінгі күннің күн тәртібінде тұр. Бірнеше тілді білу бәсекеге қабілеттіліктің айғағы деп түсінетін тіл мамандары аталмыш мәселені шешу жолдарын қарастырып, мемлекеттік тіл саясатын дамыту бағытында түрлі іс-шаралар өткізіп жатқан жайы бар.

Осылайша үстіміздегі жылдың қыркүйек айында қалалық тіл орталығының ұйытқы болуымен Ақтас кентіндегі № 16 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Тілдер күніне орай «Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» атты сынып сағаты өткізілді. Ондағы мақсат - оқушылардың тіл байлығын, тілге деген қызығушылығын, құрметін, сүйіспеншілігін арттыру болды.

Сонымен қатар, қалалық тілдерід дамыту орталығының мұрындық болуымен 2021 жылдың наурыз айында «Березка» бала бақшасының тәрбиешілері арасында «Enjoy English» атты сайыс өткізілген болатын.

Бұдан бөлек, 2021 жылдың мамыр айында «Үш тұғырлы» тіл саясатын насихаттау мақсатында  «Полиглот» қалалық сайысы өткізілді.

Мекеме басшысы тарапынан мемлекеттік тіл саясатын дұрыс жүргізу мәселесі алғашқы орында тұрғанмен, ұжымдағы мамандардың қазақ, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі де күн тәртібінен қалыс қалған жоқ. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқутыу мақсатында тегін курстар ұйымдастырылып жатқан жайы бар. Аталған курстарда мемлекеттік мекемелердің, қала кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары өздерінің қазақ және ағылшын тілдеріндегі білімдерін арттыруда.

Жоғарыда айтылған жайттардың түйінін жасар болсақ, тіл мамандарымен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында ілкімді істер атқарылуда және одан әрі жалғасын таба бермек. Сондай-ақ Елбасының тілдер туралы бастамасын жүзеге асыру мақсатында біздің мекемемізде тілдерді оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың тілдік дайындық деңгейлерін арттыру үшін аймақ педагогтарына арналған семинарлар, шеберлік сағаттары, әдістемелік диктанттар, онлайн консультациялар үзбей өткізіліп тұрады.

И. ОМАРОВА,

«Саран қаласының тілдерді дамыту

орталығы» КММ ағылшын тілі мұғалімі