Бүгін: 25.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1. ВАКЦИНА САЛДЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Иә. Салдыру қажет. - Не үшін вакцина еккізу керек? Қоғам арасында вирустың таралуын төмендету мақсатында, сонымен қатар, өзін-өзі және вакцина салдыра алмайтындарды індеттен қорғау үшін, пандемия ертерек аяқталуы үшін екпе еккізу керек. 

2. САЛЫНАТЫН ВАКЦИНАНЫ ТАҢДАП АЛУҒА БОЛА МА?

Қазір Саранда тек «Спутник V» вакцинасы бар болғандықтан, таңдайтындай көп ассортимент жоқ. Болашақта елде бірнеше вакцина қолданыла бастаған кезде таңдауға болады. Дегенмен, жоқ вацинаны тосып уақыт өткізгенше, қолжетімді болып тұрған бірінші вакцинаны салдырған дұрыс. 

  1. Кімге екпе алуға болмайды?

Бұрын анафилаксиялық шокты бастан кешірген, вакцина құрамындағы заттарға аллергиясы бар адамдарға екпе салынбайды. Сонымен қатар, қазір ауырып жүрсеңіз немесе созылмалы ауруларыңыз асқынып кеткен жағдайда вакцина салдыруға болмайды. Бұдан бөлек әзірге балаларға, жүкті әйелдерге және емізулі әйелдерге екпе жасалмайды. 

  1. АЛ ЕГЕР МЕНДЕ АЛЛЕРГИЯ

БАР НЕМЕСЕ ЖОҚ ЕКЕНІН БІЛМЕСЕМ ШЕ?

Сол үшін вакцинациядан кейін емханада 30 минут отыра тұрыңыз деп айтады. Аллергия пайда болу мүмкіндігі өте төмен болғанымен, десе де бір жағдай бола қалған кезде сізге дер кезінде көмек көрсетіледі. 

  1. ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Әзірге салынбайды. Өйткені жүктілік адам үшін ерекше жағдай болғандықтан, екпе салуға рұқсат беру үшін әлі де зерттеулер жүргізілуі керек. Өздеріңізге мәлім, жүкті әйелдерге тәжірибе жасамақ тұғыр, қажеті болмаған жағдайда мүлдем тиіспейді. Жүктілік кезіне келер болсақ, вакцина салдырғаннан кейін әртүрлі жағдай орын алуы мүмкін. 

  1. 65 ЖАСТАН АСҚАН АДАМДАРҒА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Иә, болады. 

  1. СОЗЫЛМАЛЫ АУРУҒА ШАЛДЫҚҚАН АДАМДАР ВАКЦИНА САЛДЫРА АЛА МА?

Егер созылмалы ауру ағымы бақылауда болса, салдыруға болады. Ауру ағымының қандай екеніне көз жеткізу үшін алдымен дәрігерге көрінген абзал. Егер сіз аса ауыр созылмалы ауруға шалдыққан болсаңыз, вакцина нұсқаулығында «абайлап салу керек» деп жазылған. Бұл дегеніміз вакцина салдырмас бұрын сіз дәрігерге барып, вакцина салдырғыңыз келетінін айтып, тексерілесіз.

  1. МЕН АУТОИММУНДЫҚ АУРУЛАРҒА ШАЛДЫҚҚАН БОЛСАМ, ВАКЦИНА САЛДЫРА АЛАМЫН БА?

Нұсқаулыққа сәйкес, иммундық жүйені басуға септесетін дәрі-дәрмектерді вакцина салдыруға дейін бір ай және вакцинациядан кейін бір ай ішпей қоя тұру қажет. Себебі олардың әсерінен вакцина иммунитет қалыптастыра алмауы мүмкін. Бұл туралы дәрігермен кеңесу қажет. 

  1. ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІН БАЛА КӨТЕРУГЕ БОЛА МА?

Иә, болады. 

  1. ВАКЦИНА БЕДЕУЛІККЕ ҰШЫРАТА МА?

Жоқ. Бұл ескі миф. Вакцинаның тек жергілікті әсері бар. Бұдан бөлек олар әртүрлі механизмдер арқылы антидененің қалыптасуына септеседі. Әр вирустың өзі ене алатын белгілі бір жасушалары бар. Коронавирустың қауіптілігі осыдан – ол көптеген жасушаға оңай еніп кете алады. 

  1. ВАКЦИНА БІРНЕШЕ ЖЫЛДАН КЕЙІН ЖАҒЫМСЫЗ ӘСЕР ЕТУІ МҮМКІН БЕ?

Жоқ. Оның құрамындағы заттар тез ыдырайды. Ойлап көріңізші, екі күн бұрын ішкен парацетамол таблеткасы сізге екі жылдан кейін әсер етуі мүмкін бе? Тағы бір мысал. Сіз шаурмамен тамақтанған кезде оның жағымсыз әсерлері жөнінде ойлайсыз ба? 

  1. ВАКЦИНА МЕНІҢ РНҚ-ЫМДЫ ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

Жоқ. Қазір біз оны адам ағзасында оп-оңай өзгерте салатындай дәрежеге жеткен жоқпыз. Вакцина адам ағзасындағы кей жасушаларға еніп, вирустың қалай өндірілетіні жөнінде нұсқаулықты жеткізеді. Ондағы бос жасушалар вирусты зерделеп, вирустың бір бөлігін өндіреді. Кейіннен жасуша бұл нұсқаулықтың көзін жояды. 

  1. РЕСЕЙЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПУТНИКТІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Ешқандай. Қарағандыда вакцинаны өндірмейді, тек Ресейден келген «бөлшектерден» құрастырады. Вакцинаның алғашқы топтамасы Гамалеи атындағы орталыққа (вакцинаны жасаушылар) тексеріске жіберілді. Айтпақшы, Ресейде де бір ғана орталық өндірмейді, вакцина жасауға рұқсат етілген бірнеше зауыт бар. 

  1. НЕГЕ КЕЙ ВАКЦИНАЛАРДЫҢ ДОЗАСЫ ЕКЕУ БОЛАДЫ?

- Егер вакцинаны жасау кезінде бір дозаның тиімділігі жеткіліксіз болса, екіншісі қажет. Ол вирусты еске түсіріп, иммундық жасушаларды көбірек антидене бөліп, өткен материалды жақсылап танып, бекітуге мүмкіндік береді.

  1. ЕКІНШІ ДОЗАНЫ 21 КҮННЕН КЕЙІН АЛУ МІНДЕТТІ МЕ?

Жоқ, сәл кейінірек алуға болады, бірақ ерте емес. Өндірушілердің айтуынша, мерзімі 21-60 күн аралығы, барлығы дұрыс жұмыс істеуі керек. Әзірге екпені кейінірек жасаса вакцина қаншалықты тиімді болатыны белгісіз. Қорғаныс аз болуы мүмкін. 

  1. ҚАЙ ВАКЦИНАНЫ ҰСЫНАСЫЗ?

Қазір сізге қолжетімдісін. Оған қоса болашақта батыстық вакциналарды әкелу жоспары бұлыңғыр болғандықтан, оларды күтудің қажеті жоқ. 

  1. АУРУДЫҢ ҚАЗІР ӨРШІП КЕТУІНЕ ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ ҚАТЫСЫ БАР МА?

Әрине, жоқ. Вакцина сізге вирусты жұқтыра алмайды. Вакцинада вирустың сыртқы қабығының бір бөлігін өндіруге арналған нұсқаулық бар. Жалпы, тірі вируста бұл бөлік қол сияқты жұмыс істейді – ол жасушаға есік ашады. Вакцинада тек бір қолды жинау туралы нұсқаулық бар. Қол басқа жасушаларды көбейте алмайды және жұқтыра алмайды. 

  1. ТИІМДІЛІГІ 92% ДЕГЕН НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Бұл дегеніміз – вируспен байланыста болған жұқтыруы мүмкін 100 адамның 8-і ғана ауырады. Бірақ өндірушілердің айтуынша, вакцина вирустың ауыр салдарынан 100% қорғайды. Яғни, сол 8 адам (вакцина әсер етпеген) жан сақтау бөліміне түспейді. 

  1. ЕГЕР БІР ВАКЦИНАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 92%, ЕКІНШІСІНІКІ 74% БОЛСА, БІРІНШІСІ ЖАҚСЫ ДЕГЕН СӨЗ БЕ?

Олай деуге келмес. Вакцинаның тиімділігін салыстыру үшін олар бірдей жағдайда, бір уақытта зерттелуі керек еді. Олай болған жоқ. Кейбір вакциналар пандемияның өршіген кезінде зерттелді, біреулері өйткен жоқ. Оған қоса вакциналар түрлі штаммы бар түрлі елдерде және түрлі адам популяциясына жасалды. 

  1. ВАКЦИНАЦИЯҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?

Бастысы асқынған ауруыңыз болмауы керек. Басқа кездерде нақты дайындық қажет емес. Вакцинациядан бұрын сізді дәрігер қарап, сұрақ қояды. Дене қызуыңызды, сатурацияны, қан қысымын өлшеп, жүрегіңізді, өкпеңізді, тамағыңызды тексеріп, еш жеріңіз ауырмайтынына көз жеткізеді. 

  1. ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІН ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК?

Үш күн ішінде физикалық күш түсіруге, алкоголь ішуге болмайды, вакцина жасалған жерді буламаған абзал. Ұйқыңызды қандырыңыз, демалыңыз, жақсылап тамақтаныңыз, күйзелісті шектеңіз, вирустан басқа да тәсілдер арқылы (маска, қашықтық, қолды тазалау) қорғануға тырысыңыз. 

  1. ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІН НЕ КҮТЕМІЗ?

2-3 күн ішінде сізде мынадай әсерлер байқалуы мүмкін (бәрінде болады деген сөз емес): дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бұлшықеттердің ауруы, бас ауруы, бас сақинасының ұстауы, екпе алған жердің ауруы. Мұның барлығы қалыпты әсер: яғни сіздің ағзаңыз күресіп жатыр. Егер сізде ешқандай әсер болмаса, вакцина жұмыс істемеді деген сөз емес. Әркімде әртүрлі әсер байқалады, біреулерде мүлдем болмаса, біреулерде барлығы кездеседі. Оның қандай факторларға байланысты екені әзірге белгісіз. 

  1. ВАКЦИНАЦИЯДАН КЕЙІН МАСКАНЫ ШЕШУГЕ БОЛА МА?

Олай істемеген дұрыс. Мүмкін сіз 8%-дың ішінде боларсыз? Немесе сізде жеткілікті дәрежеде антидене түзіліп үлгермеген болар? Әрине, қатты сырқаттанып қалмайсыз, бірақ бәрібір жағымсыз болады. 

  1. ВАКЦИНА АЛМАС БҰРЫН АНТИДЕНЕ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Өзіңіз көргіңіз келсе – тапсырыңыз. Антидененің болуы вакцина алуға кедергі емес. Антидене вирустан сіздің жеке қорғанысыңыз. Оны бір рет ауырып немесе вакцина жасатып алуға болады. Орташа есеппен, сырқаттанғаннан кейін антидене 6 ай сақталады. Сол себепті ДДСҰ жазылғаннан кейін 6 айдан соң екпе алуды ұсынады. Сіздің өз қорғанысыңыз жойылғанда жаңа қорғаныс қажет болады. Әзірге вакцинаны мүлдем қорғанысы жоқ адамдарға қалдыра тұруыңызға болады. 

  1. АУЫРҒАННАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ВАКЦИНАДАН КЕЙІНГІ АНТИДЕНЕНІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Вакцинациядан кейінгі антидене тұрақты болады, себебі ауырғаннан кейінгі антидене сіздің қалай ауырғаныңызға байланысты түзіледі. 

  1. Егер мен вакцинация алдында суықтап қалсам, қанша уақыт күту қажет?

Егер әдеттегі суық тию болса, симптомдар біткен соң 2 апта. Егер коронавирус болса – 6 ай.