Бүгін: 20.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ДОСТЫҚ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.  ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ № 3 КІТАПХАНА ФИЛИАЛЫНДА ЕР БАЛАЛАР АРАСЫНДА ДОЙБЫДАН ТУРНИР ӨТТІ.

Іс-шараға 7 жастан 13 жасқа дейінгі ер балалар ғана қатысты. Бұл турнирде балалар зияткерлік ойынның қыр-сырымен танысты.

 Дойбы ойыны сырт көзге оңай болып көрінгенімен оның да өзіндік қиындықтары бар. Осындай турнирлердің арқасында балалар қарама-қарсы отырған қарсыласының қимылдарын алдын ала есептеуді, ойша санауды үйренеді.

- Біздің оқырмандарымыз әрдайым кітапханаға келіп өздері дойбы, монополия ойнайды. Сол себепті бұл турнир балаларға қиынға соқпады. Әлбетте, барлық карантиндік талаптар сақталынды, - деді Саран қаласының орталықтандырылған жүйесінің № 3 кітапхана филиалының кітапханашысы Динара Елешова.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары кітап оқып, қағаздан, түрлі бисерлерден көздің жауын алатын бұйымдарды да жасайды.  Үстел ойындарын ойнап, бос уақыттарын пайдалы әрі тиімді өткізуге тырысады. Ал турнирге белсенді қатысқан балалаларға естелікке сыйлықтар табысталды.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА